Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта қосылмақ

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта қосылмақ

фото: inbusiness.kz

Елімізде ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта қосылады. Әзірге төлем сомасы мен базалық мөлшерлеменің қанша пайыз болатыны белгісіз. Бірақ сертификаттарды біріктіру және сыйлау мүмкіндігі ұсынылмақ. "Жасыл даму" компаниясы өткізілген машиналарды қайта өңдейтін ұйымдардың тізімін әзірлеуге кіріскен екен. Демек дайындық жұмыстары аяқталған соң өтінімдерді қабылдау басталады. 

Ескі көліктерді кәдеге жарату жобасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші қайта өңдеу кәсіпорындарымен келісімшарт жасалады. Кейін өтінімдер қабылданып, шешім шығарылады. Бірақ әзірге ескі "тұлпар" қаншаға бағаланатыны, шекті сомасы нақтыланбаған. Ведомство алдымен қайта өңдеу ұйымдарының тізімін түзіп қоймақ. Осыдан соң құжаттарды реттеп, көлік құралдарын қабылдау бекеттерінің қайда орналасқанын жариялайды.

Тұрғынның айтуынша, көпшілік үшін үлкен мүмкіндік болғалы отыр. Өйткені тозған тұлпарын жамап-жасқаудан қажыған ел өткізіп, жаңасын алуға күш салмақ.

“Халыққа да тиімді әрі қолайлы болып шығарса, өте жақсы болар еді. Бұл ескі көлік көрінген жерде бұзылады. Анамен сүйрейміз, мынамен сүйрейміз. Әйтеуір бір жерлерде қап кетеміз. Ауылда да бір көлік бар. Ол да ескі. Сол екеуін өткізіп, бір жаңасын мінсек па деген ниет бар”, – деді Шымкент қаласының тұрғыны Жасұлан Кентаев.

Бірақ сарапшылар қуануға әлі ерте дейді. Себебі қолға қаржы емес, сертификат беріледі. Әрі оның сомасы да беймәлім. Айтуынша, бекеттер еске көлікті асып кетсе, 500 мыңға бағалауы мүмкін. Алайда ол жаңа машинаның алғашқы жарнасына жетпейді. Тіпті бұған дейін де бірталай сертификат пайдаланылмай қалған деп отыр.

“Меніңше, жоба автопаркті жаңарту мәселесін шешпейді. Өйткені төлем сомасы тым мардымсыз болады. Мысалы, бұған дейін 200 мың теңге берді. Қазір 300 мың берер. Ал жаңа көлік 6 миллион тұрады. Өз ақшасын қосып алды деген күннің өзінде, керемет эффект бола қоймайды”, – деді автосарапшы Алексей Алексеев.

Демек, бағдарлама экологиялық мәселелерді шешіп, қайта өңдеу секторын дамытуға ықпал етуі ықтимал. Ал министрлік сертификат бір жыл жарамды болатынын айтты. Бастысы, оны кемі үш рет сыйлауға және көлік аларда екі сертификатты біріктіруге мүмкіндік бар.

https://stan.kz/

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите