Қазақ қауымында дұрыс сәлем беру – әр адамның әдептік парызы

Қазақ қауымында дұрыс сәлем беру – әр адамның әдептік парызы

фото: pexels.com

Амандасу немесе сәлемдесу – қазақ халқының әдепке сай қатынас өлшемі. Сәлемдесу адамға деген құрметті білдіреді. Қазақ халқында амандасудың әлеуметтік мәртебесі мен жасына қарай ерекшелігі қалыптасқан, деп жазды smtp.muslim.kz.

Қазақ халқының бір-біріне сәлем беруі – бұл тек амандасу ғана емес, ел алдындағы үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, бір-бірін қадірлеу арқылы өзара сенімділікті нығайту мақсатында орындалатын, идеологиялық құндылықтарды бойына сіңірген ұлы дәстүр болып саналады.

Қазақ қауымында дұрыс сәлем беру – әр адамның әдептік парызы. 

«Ассалаумағалейкум» деп амандасу және оған «Уағалейкумассалам» деп жауап қайтару арқылы адамдар арасындағы байланыс беки түседі. Бұл сөздердің артында көш керуеніндей жақсылық пен береке ілесіп жүреді деп сенеді. Сәлемді қайтармау немесе амандаспау – әдепсіздік саналып, берекеден айырылуға әкеледі деп есептеледі. Сондықтан қазақта «Жігітті берген сәлемінен таны» деген тағылымды сөз осыдан қалған.

Президент те  қоғамдағы жүріс-тұрыс әдебіне назар аударды. Құрылтай сайлауынан кейін журналистермен болған кездесуде Мемлекет басшысы сәлемдесудің жөн-жоралғысы туралы сөз қозғады.  Ер мен әйелдің және ер адамдардың бір-бірімен құшақтасып сүйіп амандасуы ұлтымыздың дәстүріне жат деп бағалады. Президенттің амандасу әдебіне қатысты пікіріне зиялы қауым да үн қосты. Олар ұлттық құндылыққа негізделген әдеп мәдениетін қалыптастырудың маңызына тоқталды. Қаламгерлердің сөзінше, салтымыздағы әр сәлемдесудің ережесі мен жөн-жоралғысы бар. 

Әбдезұлы, әдебиеттанушы: - Дәстүрімізде сәлемдесудің өзі ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен үлгісі бар. Біздің халықта еркек пен еркек құшақтасып, сүйісу деген болған емес. Ата дәстүрімізбен сол қолын кеудесіне қойып, оң қолын ұсынып сәлемдеседі деп ойлаймын. Біз өзіміздің ата-баба дәстүрінің жолымен жүруіміз керек. 

Нұрлан Оразалин, ақын, Мемлекет және қоғам қайраткері: - Қазақ ұғымындағы амандасу тарихында екі нәрсе бар. Біріншісі – амандасу. Күнделікті үлкен кісілермен амандасу. Әжелеріміз жетектеп әкеліп, атаңа амандас деп отыратын. Бұл ұлттың ұлттық сипатын сақтау жөнінде үлкен мектеп. Бір ғасыр емес, бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан амандасу мектебі. Амандасудың екінші баламалы үлгісі бар, ол - көрісу.

Сәлем берудің түрлері

Сәлем беру әртүрлі жағдайға байланысты әрқалай орындалады.

1. Жол үстінде сәлем беру – жолыққанда немесе жолаушылап бара жатқанда жол үстінде амандасу. “Ақ жол тілеу” бұл жөн-жосынды білу белгісі.

2. Іздеп барып арнайы сәлем беру – адамға арнайы құрмет көрсету мақсатында іздеп барып сәлемдесу. Бұл дәстүрді толық орындауға жатады.

3. Қара шаңыраққа сәлем беру – ата-баба ошағына, үлкендерге құрмет көрсетіп амандасу. Бұл ұлылық белгісі. Үлкенге құрмет көрсетудің, әулетті, шаңырақты сыйлаудың белгісі.

Ата-баба аруағына сәлем беру

Ата-бабалар аруағына сәлем беру – оларды қастерлеп, рухтарына дұға арнау, екі дүниенің арасындағы рухани байланысты үзбеу. Бұл – өмір мен өлімге құрмет көрсетудің және ата-бабаларды қадірлеудің маңызды үлгісі.

Сәлемдесу әдептері

1. Жасы кіші адам міндетті түрде үлкендерге бірінші болып амандасады, бұл азаматтық парыз саналады.

2. Сырқат адамға сау адам бірінші амандасса, ол адамгершілік белгісі болып есептеледі.

3. Атта отырған адам жаяу кісіге бірінші болып сәлем беруі тиіс, бұл кішіпейілділік пен сыпайылықтың белгісі.

4. Көпшілікке ат үстінде отырып амандасуға болмайды; аттан түсіп амандасу қажет. Бүгінгі күні бұл автокөлік немесе велосипед сияқты көліктерге де қатысты. Көлік үстінде отырып көпшілікке сәлем беру такапарлық пен білімсіздік белгісі болып танылады.

5. Алғашқы кездесу кезінде ер адамдар қол алысып, ал қыздар бас изеп сәлемдесуі тиіс — бұл әдептілікке жатады.

6. Сәлемдескенде орнынан тұрып, құрмет білдіру үлкен сыпайылықтың белгісі.

7. Қонақ келгенде бірінші кезекте үй иесі сәлем береді, бұл үйдің қонақжайлықты білдіреді.

8. Ерлер бір-бірімен амандасқанда қол алысса, ал жасы үлкендерге жас адам екі қолын ұсынып амандасады. Ол жасы үлкенге жасалған ерекше сый, ізет - құрмет болып есептеледі.

9. Жас келін үлкендерге көрген жерде сәлем салып амандасады. Бұл келіннің ибалы және иманды келін екенін танттады.

10. Үлкен адамға алдымен жас адам сәлем беруі тәрбиелілікті көрсетеді.

11. Алыстан келген қонаққа ауыл ақсақалы бірінші амандасып, жағдайын сұрауы тиіс. Бұл ақ сақалдың даналығын көрсетеді.

12. Жолаушы сапардан оралғанда, өзі бірінші болып ауылдағы ақсақалдарға сәлем береді. Бұл ауылдағы қалыптасқан жақсы салт. Үлкенге деген ізгі ниетті білдіреді.

13. Ер адамдар бір-бірімен амандасқанда қол алысып, кейде иық тірестіруі дәстүрге айналған. Бұл өте жақындық, жақсы көруді түсіндіреді.

14. Әйелдер бір-бірімен кездесе салысымен күлімдеп бас изеп сәлемдеседі. Бұл әйелдер арасындағы мейірімділікпен тәту-тәтті өтіп жатқанын білдіреді.

15. Қарт адамдар жас балаларға бата бере амандасып, алғыс білдіреді. Бұл ұрпаққа деген терең сүйіспеншілік пен жауапкершілік және даналық бплгісі болып табылады.

16. Туыстар кездескенде құшақ жайып амандасу дәстүрі бар. Ол берекенің ұйтқысының көрнісі.

17. Сапардан келген жолаушыны арнайы күтіп алып, сәлемдесу құрмет көрсетудің ең жоғары дәрежесі саналады.

18. Қонаққа сәлемдесу кезінде ер адамдар оны қолдап үйге шақыруы тиіс. Олай етпеу көргенсіздік нышаны болып есептеледі.

19. Әйелдер құшақтасып немесе қол ұстасып амандасқанда сыпайылық сақталады. Дархақыланып шарқылдап күлу әдепсіздік болып есептеледі.

20. Қыздар үлкендерге иіліп, «сәлеметсіздер ме » деп амандасады.

21. Кішкентай балаларға үлкендер күлімдеп қарап, “айналайын бақытты бол” деп сәлем береді. Бұл жылы жүрек танту, ұрпаққа деген мейірін төгу белгісі.

22. Алыстан келген адамға «жолыңыз болсын», «аман келдіңіз” ,«келген ел-жұртыңыз аман ба” деп амандасады. Бұл ел мен жұртқа болған аса жауапкершілік белгісі.

23. Ұзақ уақыт көрмеген туыстарды көргенде ерекше құрметпен ұзақ құшақтап тұрып , бетінен сүйіп мейір төге амандасады.

24. Қарттарға көрген жерде бірінші болып сәлем беру амандасу әдебінің бірінші парызы болып саналады.

25. Сапардан оралған адам ауылдағы әрбір кездескен жанмен амандасып шығады.

Бұл ұлы сапардан аман оралғанына үшкірлік еткені. Ауыл адамдарының өзіне тілеген жақы жол тілектерінің қабыл болғанының белгісін жасаған разылығы болып саналады.

26. Қыз-келіншектерге жас жігіттер бірінші болып амандасқанда, ізеттілік танытады. Жұмсақ дауыспен амандасып әдеп сақтайды. Бұл қыздың жолы жіңішке деген қағидаға жасалған ерекше құрмет көрсету белгісі болып есептеледі.

27. Қарттар отырған үйге алдымен сәлем беріп, кейін отырып сөйлесу қажет. Бұл үкеннің алдынан кесіп өтпеу деген ұлы идияны түсіндіреді.

28. Тсныс және бейтаныс адамға кездескенде әрдайым күлімдеп, жылы шыраймен амандасу шарт. Амандасу әдебінен адамның азаматтық ұстаны мен білімдарлығы танылады.

29. Адамдар өздерінің мәртебесіне сай амандасу рәсімін сақтайды. Бұл өз орнынын, өз ұстанымын құрметтеумен бірге қарсы жағындағы адамға жасалған құрмет.

30. Алыс сапардан оралған жолаушыға , бейтаныс қонаққа ауылдың үлкендері амандасуға барады. Бұл қазақ халқының ұлы ұлыстарды біріктірудегі, ұлы даланы сақтаудағы аманнан басталатын ұлы идиясы болып табылады.

31. Ер адам әйелдерге сыпайылықпен басын иіп амандасады. Бұл ұлы аналарға жасалған ұлы құрмет болып табылады.

32. Қонақ келгенде, алдымен үйдің үлкендері сәлем беріп амандық-саулық сұрайды. Олай етпесе, ол орташарқы шаңырақ саналады. Сөгіске қалады.

33. Жасы үлкендер алдымен өзінен кішілерге амандасқан кезде жылы сөзбен батасын береді. “Балақайлар амансыңдар ме” деп оларды еркелетіп амандасып, ақ бата беріп, үлкендерге алдымен сәлем беру керек екенін үйретеді.

34. Ауыл ақсақалы келген қонаққа арнайы сәлем беріп, оны құрметпен қарсы алады. Олардың ел-жұртының амандығын сұрай отырып, жаңа хабарлар ұғысады.

35. Басқа жақтан көшіп келген адамды көргенде, ауылдың әр тұрғыны амандасуға тиіс. Үйткені оны бауырларына басып, жандарына жақын тартып, “елге ел қосылса құт” деп есептейді.

36. Қарттардың үйіне жастар бір жұмада бір рет барып амандасып, хал ақуалын білу ауыл жастары үшін орындауға тиіст парыз. Алдымен сәлемдесіп, кейін рұқсатпен сөз бастап, ақ батасын алып қайту жастар үшін үлкен бақыт.

37. Ерлі -зайыпты адам түнде үйқтап, тәңертең оянған сәтте бір-біріне сәлем беруі керек. Өткені адам түнде ұйықтағанда барзак әлемінде, өлі мен тірі ортасында жатады. Тірі оянса, бергі жарық әлемге қайтып келеді. Қайтыс болып кетсе, қараңғы бақи дүниеге аттанады. Сондықтан рауандап атқан ақ таңның нұры тербеп оянған екі адам бір-біріне сәлем берсе, ол үйдің бақыт шамы күндей жарқырап, нұрдай жанып тұрады. Тоқсан тоғыз тарау жолы жақсылыққа ашылып тұрады.

38. Жасы үлкендерге келгенде, әр адам екі қолын ұсынып амандасу әдеті мен әдебі бар.

39. Әр адам өзінің отбасылық жағдайына байланысты амандасу түрлерін сақтайды.

40. Сәлемдесуді жылы қабақпен және сыйластықпен жеткізу, әдептіліктің ең үлкен және ең ұлы белгісі.

 

 Ақпарат 24.kz, smtp.muslim.kz сайттарынан алынды. 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите