Өткенге үңілген ғылым

Өткенге үңілген ғылым

фото: https://www.google.com/url?turkystan.kz

       Тарихымыздың терең қатпарларын зерделеуге бағытталған маңызды ғылыми басқосу Алматыда өтті.

       Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында «Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің перспективті бағыттары» тақырыбында кеңейтілген отырыс ұйымдастырылды. Басқосуда Жошы Ұлысы мен Алтын Орда тарихын зерттеудің қазіргі жай-күйі сараланып, алдағы ғылыми жұмыстардың басым бағыттары сөз болды.

       Жиында Жошы Ұлысының тарихы қазақ мемлекеттілігінің тамырын тереңнен танытатын маңызды ғылыми сала екені атап өтілді. Тарихи мұраны жаңа деректермен толықтыру, оны жүйелі зерттеу және әлемдік тарихнамадағы орнын айқындау мәселелеріне мән берілді.

       Ұлттық ғылым академиясы зерттеу жұмыстарын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған бірқатар ұсыныс жасады. Оның ішінде тарихи мұраны цифрландыру, жасанды интеллект негізіндегі зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және Жошы Ұлысын зерттеудің кешенді жол картасын әзірлеу бастамалары бар.

       Ғылыми жиынға еліміздің жетекші ғалымдары, академиктер мен сарапшылар, тарих, археология, шығыстану, деректану, генетика және палеонтология саласының мамандары қатысты.

       Басқосу қорытындысында Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің перспективті бағыттары айқындалып, ғылыми жобаларды үйлестіру мен халықаралық ынтымақтастықты күшейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.

       Өткенді зерделеу — ұлт тарихын терең танудың бір жолы. Ал тарихи мұраны жаңа ғылыми мүмкіндіктермен зерттеу — келешек ұрпаққа қалдырар маңызды рухани қазына.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите