Отандастарымыз мемлекеттік қызмет пен қажетті құжаттарды Жасанды интеллект арқылы ала алады. Бұл үшін eGov GPT цифрлық ассистенті көмекке келеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет порталы толығымен жаңғыртылып, жаңа eGov 3.0 платформасына көшірілді. Енді мемлекеттік органдар өз қызметтерін осы платформа арқылы көрсетуге міндетті.
Қазірдің өзінде eGov GPT цифрлық ассистентінің диалог терезесі арқылы 50 қызмет қолжетімді. Ол қажетті өтінімді өзі рәсімдеп, дайын нәтиже ұсынады.
Олжас Бектенов Жасанды интеллект министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін цифрлық ассистент арқылы көрсетілетін қызметтер санын 150-ге дейін арттыруды тапсырды.
Ақпарат 24.kz сайтынан алынды.