АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 халықаралық шахмат супертурнирінің төртінші турында Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы baribar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол ақ тастармен ойнап, FIDE рейтиңінде 12-орында тұрған Швейцария өкілі Александра Костенюкті жеңді.
Алғашқы үш тур тең аяқталған
Турнирдің алғашқы кезеңдерінде Бибісара Асаубаева үш рет қатарынан тең нәтиже тіркеген болатын.
- І тур – Украина өкілі Анна Музычукпен тең түсті;
- ІІ тур – Үндістандық Вайшали Рамешбабумен ұпай бөлісті;
- ІІІ тур – АҚШ шахматшысы Элис Лимен тең ойнады.
Төртінші турдағы жеңіс қазақстандық спортшыға турнирлік кестедегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.
Асаубаева көшбасшылар қатарында
Төрт турдан кейінгі турнир кестесінде:
- Тань Чжунъи (Қытай) – 3,5 ұпай;
- Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 2,5 ұпай;
- Дивья Дешмукх (Үндістан) – 2,5 ұпай;
- Ставрула Цолакиду (Грекия) – 2,5 ұпай;
- Элис Ли (АҚШ) – 2,5 ұпай.
Айта кетейік, Cairns Cup 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ доллары болады.
Ақпарат baribar.kz сайтынан алынды.