Шетел азаматы 170 млн теңгені декларацияламаған

Шетел азаматы 170 млн теңгені декларацияламаған

фото: https://pixabay.com/

7 күнде мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекет анықталған

ҰҚК шекара қызметі декларацияланбаған валютаны елден заңсыз алып шығуына жол бермеді, деп хабарлайды комитет.

30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекет анықталған. Нәтижесінде жалпы сомасы 636 миллион теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.

"Жекеленген жағдайлардың бірінде, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің "Қордай" автокөліктік шекаралық бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгін тексеру барысында 350 000 АҚШ доллары яғни 170 037 000 теңге анықталды", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

ҰҚК шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес республика аумағынан (10 мың АҚШ долларынан баламасынан асатын) соммадағы қолма-қол ақша қаражатын шығаруға тыйым салынатынын еске салады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите