Алматыда автобус жолағының орнына веложолақ салынады

Алматыда автобус жолағының орнына веложолақ салынады

фото: Алматы әкімдігі/kaz.inform.kz

Алматыда 1 тамыздан бастап Наурызбай батыр көшесінің Райымбек даңғылынан Абай даңғылы аралығында көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізіледі. Бұл туралы Сапалы Қазақстан порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, жоба аясында көшеде оқшауланған велосипед жолағы салынады. Атап айтқанда, жүргізілетін жұмыстар аясында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ алынып тасталады. Автобус бағыттары Желтоқсан көшесіне ауыстырылып, Наурызбай батыр көшесінде веложолақ ұйымдастырылады.

- Жаңа шешім велосипедшілердің қауіпсіздігін арттыруға, қаладағы велосипед желісін дамытуға және көлік легін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушылардан өзгерісті алдын ала ескеріп, бағытын жаңа қозғалыс сызбасына сай жоспарлау, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларының талабын сақтау сұралады, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда күндіз жүк көліктерінің қалаға кіруіне шектеу қойылды. Шектеу күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін Саин көшесі – әл-Фараби даңғылы – Шығыс айналма автомобиль жолы (ШААЖ) – Рысқұлов даңғылы аралығындағы аумақта қолданылады.

 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите