Жамбыл облысында 30 млн жұмыртқа өндіретін кешеннің құрылысы басталды

Жамбыл облысында 30 млн жұмыртқа өндіретін кешеннің құрылысы басталды

фото: https://pixabay.com/

Жоба аясында әр тауықтан жылына 300–320 жұмыртқа алу көзделген

Жамбыл облысында тағы бір ірі инвестициялық жоба қолға алынды.

Меркі ауданында "ЭкоФерма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті.

Жобаның жалпы құны – 1 миллиард теңге. Қаржыландыру толықтай кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр.

"Жалпы аумағы 4 гектарды құрайтын кешеннің алғашқы кезеңінде 20 мың бас тауық өсіріледі. Алдағы уақытта оның қуаты 100 мың басқа дейін ұлғайтылып, жылына 30 миллион жұмыртқа өндіру жоспарланып отыр. Жоба аясында әр тауықтан жылына 300–320 жұмыртқа алу көзделген", - деп жазылған хабарламада.

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 20–25 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Бұл ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізеді.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите