Шетел валютасының бүгінгі бағамы

Шетел валютасының бүгінгі бағамы

фото: Pexels.com

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 488,09 теңгеден сатып алынады, 494,97 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 568,00 теңге, сату - 577,99 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,49 теңге, сату - 6,80 теңге;
- юань 68,45 теңгеден сатып алынады, 73,67 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 490,32 теңге, сату - 493,02 теңге;
- еуро: сатып алу - 571,28 теңге, сату - 576,72 теңге;
- рубль 6,52 - 6,67 теңге аралығында саудаланады.
- юань 69,62 - 72,29 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 2 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,59 теңгеге өсіп, 493,15 теңге болды.

2026 жылдың соңына қарай доллар бағамы қайтадан 550 теңгеге жетуі ықтимал, деп жазды kz.kursiv.media. Мұндай болжамды BCC invest сарапшылары жасап отыр. 2025 жылдың жазында доллар бағамы 550 теңгеден асқан.

Брокерлік компания Қазақстанның алдағы жылға арналған макроэкономикалық болжамын жариялады. Сарапшылардың пайымдауынша, ұлттық валютаға түсетін қысым сейілмейді, алайда теңге құнының күрт құлдырауына негіз жоқ.

Валюта бағамы: Негізгі болжам

Мамандар оқиғалардың дамуын бірнеше нұсқада қарастырады. Негізгі сценарий бойынша, теңге бағамы жыл бойы бірқалыпты өзгеріп отырады:

  • 2026 жылдың орташа бағамы 530 теңге деңгейінде қалыптаспақ.
  • Жыл соңына қарай доллар құны 553 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Бұған ең алдымен қара алтын бағасының біртіндеп арзандауы әсер етпек. Болжамға сүйенсек, мұнай бағасы 2025 жылдың соңындағы 62 доллардан 2026 жылдың желтоқсанына қарай 52 долларға дейін төмендейді.

 

Ақпарат ҚазАқпарат агенттігінен, kz.kursiv.media сайтынан алынды. 

Подписаться