Қытайда пошта қызметіне роботтар тартылды

Қытайда пошта қызметіне роботтар тартылды

фото: Pexels.com

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында пошта қызметінің өндірістік үдерістеріне адамтектес роботтар енгізілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі. 

Автоматтандырылған жүйелер жүктерді анықтау және сұрыптау міндеттерін орындайды. Роботтар интеллектуалды тану және дербес шешім қабылдау функцияларымен жабдықталған.

робот

Фото: Xinhua

Инновациялық жабдық Гуанчжоу пошта орталығының «Цзянгао» логистикалық кешенінде іске қосылды. Бір адамтектес роботтың өнімділігі сағатына 1200-ге дейін пошта жөнелтілімін өңдеуге мүмкіндік береді.

Роботтандырылған жүйелерді енгізу жүк ағыны көлемінің артуы жағдайында логистиканың тиімділігін арттыруға бағытталған. Қалыпты режимде пошта орталығы тәулігіне орта есеппен 6,5 миллион жөнелтілімді өңдейді, ал жүктеме ең жоғары кезеңдерде бұл көрсеткіш 10 миллионнан асады.

Подписаться