Қазақ күйі әлемдік музыкалық платформаларда күмбірлейді

Қазақ күйі әлемдік музыкалық платформаларда күмбірлейді

фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі /kaz.inform.kz

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің репертуарындағы туындылар әлемнің жетекші музыкалық платформаларында жарияланды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Оркестр тарихында алғаш рет қазақ күйлері халықаралық музыкалық платформаларға шығарылып, халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен күй өнерін жаһан жұртшылығына таныта түсті, деп хабарлады  ҚазАқпарат агенттігі. 

Цифрлық форматта қазақтың көрнекті композиторлары мен күйші өнерпаздарының шығармалары ұсынылды.

— Олардың қатарында Құрманғазы Сағырбайұлының, Дина Нұрпейісованың, Тәттімбеттің, Қазанғаптың, Нұрғиса Тілендиевтің және өзге де авторлардың күйлері бар. Сонымен қатар көпшілік А.Жұбановтың, Е.Брусиловскийдің, К.Күмісбековтің, Т.Қажығалиевтің, Х.Тастановтың, С.Бәйтерековтің, С.Шабельскийдің, Л.Шаргородскийдің және С.Құсайыновтың шығармаларын да тыңдай алады, — делінген хабарламада.

Музыкалық туындылар Spotify, Apple Music, YouTube Music, Amazon Music, Яндекс Музыка және басқа да танымал цифрлық платформаларында ұсынылған.

Материал ҚазАқпарат агенттігінен алынды. 
 

Жазылу