LRT-ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

LRT-ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

фото: https://pixabay.com/

Күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің желідегі парақшасында LRT-ның көрсеткіші жайлы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 млн адамға жетті. LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқаны әрі инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін жолаушыларға алғысымды білдіремін", - деп жазды Астана қаласының әкімі.

Айтуынша, күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Қасымбек LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталғанын айтты.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться