Футболдан әлем чемпионатында плей-офф кезеңі басталады

Футболдан әлем чемпионатында плей-офф кезеңі басталады

фото: https://pixabay.com/

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында плей-офф сатысына шыққан барлық құрама анықталды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Доп додасының бұл сатысында 32 құрама сынға түседі. Олар он алты жұпқа бөлінген. Бұл кезеңдегі ойындар 28 маусымнан 29-на қараған түні сағат 00:00-де Канада - Оңтүстік Африка кездесумен басталады.

Ойындар кестесі

  • 28 маусым. 00:00. Канада - Оңтүстік Африка
  • 29 маусым. 22:00. Бразилия - Жапония
  • 30 маусым. 01:30. Германия - Парагвай
  • 30 маусым. 06:00. Нидерланд - Марокко
  • 30 маусым. 22:00. Кот-д'Ивуар - Норвегия
  • 1 шілде. 02:00. Франция - Швеция
  • 1 шілде 06:00. Мексика - Эквадор
  • 1 шілде. 21:00. Англия - Конго ДР
  • 2 шілде. 01:00. Бельгия - Сенегал
  • 2 шілде. 05:00. АҚШ - Босния және Герцоговина
  • 3 шілде. 04:00. Португалия - Хорватия
  • 3 шілде. 23:00. Аустралия - Египет
  • 4 шілде. 03:00. Аргентина - Кабо-Верде
  • 4 шілде. 06:30. Колумбия - Гана.

Ал 1/8 финал 4-7 шілде күндері өтсе, одан кейін 1/4 финал 9-11 шілде, 1/2 финал 14-15 шілде күндері болады. 

Финал мен 3-орын үшін ойын 18-19 шілде күндеріне беглінген.

 

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз