Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні

фото: pexels.com

Аталған мереке Парижде 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітілді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.

Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды ратификациялады, оларды жүзеге асыру барысында балалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін тиісті заңдар мен қаулылар қабылданды.

Негізгі халықаралық шарт – 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция.

Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. 

Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.

Қазақстанда 1 маусымда балалар мерекесіне орай дәстүрлі түрде түрлі мәдени және білім беру шаралары ұйымдастырылады. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени іс-шаралар өткізіліп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлалады, соның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдар, спорттық жарыстар және т.б. ұйымдастырылады. 

Айта кетсек, Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бүгінде елде 6 млн 902 мың 492 бала бар. Бұл – Қазақстан халқының шамамен үштен бірін құрайды, деп жазды "Қазақстан" ұлттық арнасы. Оларға мемлекет тарапынан тегін білім және медициналық көмек алуға жағдай жасалған. 

Сондай-ақ әлеуметтік қорғалуына және қауіпсіздігіне бағытталған бағдарламалар іске асырылып жатыр. Осы мақсатта биыл 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданды. 

Бұдан бөлек Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жеке шоттарына аударылып келеді. Соңғы жылдары балалар құқығын қорғайтын заңдар айтарлықтай күшейтілді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен бала құқығын қорғауды күшейтетін 10 заң қабылданды. Сондай-ақ еліміздегі мектептер «Қауіпсіздік сабақтарымен» қамтылып, QR-111 жүйесіне қосылды.

Ақпарат "Қазақстан" ұлттық арнкасы , inbusiness.kz сайтынан алынды. 

Подписаться