Ақмарал Ерекешева Испанияның клубтық чемпионатында қос жүлдеге ие болды

Ақмарал Ерекешева Испанияның клубтық чемпионатында қос жүлдеге ие болды

фото: Фото: ҰОК https://kaz.inform.kz

       Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Овьедо қаласында өткен Испанияның клубтық чемпионатында екі медаль жеңіп алды. Қазақстандық гимнаст халықаралық турнирде екі рет қола жүлдеге ие болды.

       Ерекешева шығыршықпен жаттығуда 29.700 ұпай жинады. Ал лентамен өнер көрсетуде төрешілер қазақстандық спортшыға 27.600 ұпай берді. 

       Айта кетейік, құрамында Ақмарал Ерекешева өнер көрсеткен «Gimnasia Chiclana» клубы жалпы есепте төртінші орын алды.

       https://kaz.inform.kz/



 

Подписаться