Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен әлем чемпионатында тарихи нәтижеге жетті

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен әлем чемпионатында тарихи нәтижеге жетті

фото: olympic.kz

       Лондон төрінде өтіп жатқан үстел теннисінен командалық әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін бағынбаған белес – әлем біріншілігінің 8/1 финалына алғаш рет жол ашылды. Бұл – ел спорты үшін маңызды қадам, мерейлі сәт.

       Қазақстан құрамасы жарыстың 16/1 финалында Испанияны жеңді Алғашқы кездесуде Алан Құрманғалиев қарсыласынан айласын асырып, сенімді жеңіске жетті. Одан кейін Кирилл Герасименко да қарсыласын тізе бүктіріп, есеп басымдығын арттырды.

       Испаниялық спортшы бір ұпай қайтарғанымен, шешуші сәтте Кирилл Герасименко тағы да шеберлігін танытып, тартысты кездесуге нүкте қойды. Қорытындыесеп – 3:1. Осылайша, Қазақстан құрамасы келесі кезеңге сенімді қадам басты.

       Енді біздің жігіттер Жапония мен Бельгия құрамалары арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Бұл – тек ойын емес, намыс пен рух сыналармаңызды белес. Осындай сәттер ел жүрегін бір арнағ атоғыстырып, ортақ қуанышқа бөлейді.

Подписаться