Өскемендегі жарылыс болды

Өскемендегі жарылыс болды

фото: https://pixabay.com/

Бүгін таңертең "Казцинк" ЖШС металлургия алаңы аумағында түтін сорғышты тазалау жұмыстары барысында жарылыс болып, артынша өрт шығып, құрылымдар ішінара опырылған.

Алдын ала деректер бойынша шаң таралғанымен қауіпті ластаушы заттар бөлінбеген.

Өскемендегі жарылыс салдарынан екі адам көз жұмып, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлады "Казцинк" компаниясы.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек, соның ішінде материалдық және психологиялық қолдау көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.

Уәкілетті органдар төтенше жағдайдың қоршаған ортаға әсерін бағалап жатыр. Алдын ала деректер бойынша шаң таралғанымен қауіпті ластаушы заттар бөлінбеген.

Еске сала кетейік, Оқиғаны жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться