Халықаралық Олимпиада комитеті: Михаил Шайдоров әлемді таңғалдырды

Халықаралық Олимпиада комитеті: Михаил Шайдоров әлемді таңғалдырды

фото: www.sovsport.ru

       Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтің Олимпиададағы тарихи жеңісіне жоғары баға берді. 

       Олимпиада ойындарының ресми Instagram парақшасында 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында алтын медаль жеңіп алған спортшы туралы жазба жарияланды. Онда Михаил Шайдоровтың өнері жоғары бағаланған.

   — Михаил Шайдоров Милан–Кортина Олимпиадасындағы дебютінде күтпеген нәтиже көрсетті. 21 жастағы спортшы мықты қарсыластарымен бәсекеге түсіп, еркін бағдарламада 198,64 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Өнер көрсеткеннен кейін эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алды. Кейін оның Олимпиада чемпионы атанғаны белгілі болды.

       Осылайша, ол Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан алғашқы алтын медальді жеңіп алып, 1994 жылдан бергі қысқы Олимпиада ойындарындағы елдің алғашқы алтынын иеленді, — делінген хабарламада.

       Қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров бесінші орында тұрған. Дегенмен еркін бағдарламада жоғары нәтиже көрсетіп, қарсыластарын басып озды.

       https://kaz.inform.kz/

Подписаться