Бірқатар дәрінің бағасы 25%-ға дейін арзандады

Бірқатар дәрінің бағасы 25%-ға дейін арзандады

фото: pexels.com

Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмектің бағасы 25%-ға дейін арзандады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Шамамен 5 мыңға жуық дәріге шекті баға белгіленген.

Нақтырақ айтсақ, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі, инфекциялық және басқа да кең тараған ауруларға арналған дәрілердің құны тұрақталды. Бағаны негізсіз өсірмес үшін дәріханаларға талап күшейді. Шекті бағадан асырса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 20 өңірде мониторинг жүргізілді. 

Тұрғындар бағаның негізсіз өскенін байқаса, DariKZ мобильді қосымшасы арқылы шағым түсіре алады.

Алматыдағы дәрі-дәрмектердің бағасы дәріхана желісіне байланысты өзгеріп отырады. Ағымдағы бағалар мен қолжетімділікті 103.kz, i-teka.kz немесе europharma.kz сайттары арқылы тексеруге болады. 

Шекті бөлшек сауда бағаларын тексеру және бағалардың көтерілуі туралы шағымдар беру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Dari.kz немесе Naqty Onim қолданбаларын пайдалануды ұсынады.

Подписаться