Ажыраспай-ақ алимент алуға бола ма?

Ажыраспай-ақ алимент алуға бола ма?

фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Ilya_Burdun

Ажырасу, мүлікті бөлу, алимент өндіруге қатысты кеңес.

Заңды түрде ажыраспаған, бірақ бірге тұрмайтын ерлі-зайыптылар да алимент өндіре алады. Бұл жағдайда ортақ бала үш жасқа толмаған болуы керек.

«Ерлі-зайыпты заңды некені бұзбаған, бірақ жанжалдан кейін бөлек тұра бастаған. Ер адам үйден кетеді, әйел баламен бірге сол үйде қалады. Артынша әйел некеде бола тұра өзіне және баласына алимент өндіріп алды. Мұндай іс тәжірибемде болды. Яғни, әйел баласы үш жасқа толғанша, күйеуінің асырауында болуға құқылы. Ол үшін ажырасудың қажеті жоқ», – дейді прокурор Айжан Аймағанова.

Айтуынша, мұның бәрі азаматтық-процестік кодекс, неке және отбасы туралы кодексте көрсетілген.

Ақпарат дереккөзі: https://kz.kursiv.media/kk

Подписаться