Сингапурда Алматы балалар ғылыми музейінің (ACSM) өкілдері мен шетелдік серіктестер — Science Centre Singapore және Kingsmen Creatives Ltd компанияларының қатысуымен кездесу өтті.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, тараптар музейді ашуға дайындықтың негізгі кезеңдерін талқылады. Жоба Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі алғашқы балалар ғылыми орталығы болмақ. Музей биыл маусым айында келушілерге есігін айқара ашады.
Кездесу барысында білім беру мазмұнын әзірлеу мен музей қызметкерлерін даярлау жұмыстарына ерекше назар аударылды.
ACSM жобасын іске асыру жетекшісі Майра Тұрғанова жобаның қазіргі жай-күйін таныстырды.
— Science Centre Singapore-мен серіктестік аясында Алматы балалар ғылыми музейіне білім беру бағдарламалары бойынша франшиза және өзге де зияткерлік құқық берілді. Әрбір экспозиция сингапурлық серіктестермен бірлесіп әзірленіп, ұлттық ерекшелікке бейімделді. Олар Арал теңізінен бастап киіз үй құрылымының ғылыми түсіндірмелерді қамтиды. Бүгінде Science Hub ACSM галереялары мен зертханалары үшін 130-дан астам білім беру бағдарламасы әзірленді, — деді Майра Тұрғанова.
Science Centre Singapore — 49 жылдық тарихы бар, жыл сайын 1 миллионнан астам адам келетін әлемдегі жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Орталық KidsSTOP балалар ғылыми кеңістігінің операторы саналады, дәл осы модель ACSM жобасын әзірлеуге негіз болған.
https://kaz.inform.kz/