фото: https://sputnik.kz
Алматы және Балқаш қалаларының жылумен жабдықтау саласында жемқорлық жасалғанын әшкереленді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Алматы жылу желілері" ЖШС және "Балқаш жылу" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр. "АлТС" ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Ал "Балқаш жылу" ЖШС директорының бұрынғы орынбасары мен бас есепші 272 миллион теңгені өз жалақысына қосып есептеп, жымқырған. Айта кетері, серіктестіктің жеткізушілер алдындағы қарызы 1,5 миллиард теңге болған.
Екі факт бойынша да күдіктілер өз кінәсін толық мойындағандықтан қамауға алынған жоқ.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через