фото: inform.kz
Жамбыл облысында 27 бас жылқы найзағайдан қырылып қалды. Оқыс оқиға Рысқұлов ауданында болған.
Жылқылардың жай отынан жаппай сұлауына бір жерде тұрып қалуы себеп болған сыңайлы. Олар нөсер кезінде сай ішіне ықтап кеткен. Ал малынан айырылғандар шығынын кімнен өндірерін білмей дал.
Аудан әкімдігі төтенше жағдай жарияланған жағдайда немесе жаппай ауру тараған кезде ғана өтемақы төленетінін айтады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Үйді залогқа қойып,несиеге мал алған ем. Ойда-жоқта осындай оқиғи болды. 5 миллион теңгеге шығынға ұшырап отырмын. Нұрболат Мырзақұлов, Тереңөзек ауылының тұрғыны
Әзірге әкімдік тау ішінде жатқан жылқыларды залалсыздандырумен айналысып жатыр.
"Комиссия құрылған. Комиссия құрамына құзырлы органдар мен заңгер мамандар енгізіліп отыр. Қазір зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында."Әлібек Терлікбаев, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через