Жыл сайын 20 мыңнан астам адам жол-көлік апатынан жарақат алады

Жыл сайын 20 мыңнан астам адам жол-көлік апатынан жарақат алады

Жыл сайын еліміздің жолдарында 2 мыңнан астам адам мерт болады.

«Статистиканың қайғылы көрсеткіштерін келтіретін болсақ, соңғы 5 жылда ел жолдарында жыл сайын 2 мыңнан астам адам көз жұмады. Тағы 20 мыңнан астам адам жарақат алады. Осы жылдың 6 айында Қазақстанда 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 947 адам қаза тауып, 8 110 адам әр түрлі дене жарақатын алды», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Жолкөлік оқиғалары негізінен жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын саналы түрде бұзуынан туындайды. Қайғылы жағдайдың 95 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады. Апаттардың орын алу себептері де бұрынғыдай. Нақтырақ айтқанда, жылдамдық режимін асыру; маневр жасау қағидаларын бұзу; қарсы қозғалыс жолағына шығу; жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы болып отыр.

«Жылдамдық режимінің сақтамауға байланысты 1,5 мыңға жуық жол апаты тіркелді. Онда 300-ге жуық адам қаза тауып, 2 мыңға жуық адам жарақат алды», - деді Ақтоты Боранова.

Дереккөз ҚазАқпарат