Жыл басынан бері қанша ресейлік елімізде жұмысқа орналасқан?

Жыл басынан бері қанша ресейлік елімізде жұмысқа орналасқан?
фото: pixabay.com

Жыл басынан бері қанша ресейлік елімізде жұмысқа орналасқан?

2022 жылдың басынан бері Қазақстанда 8 мың ресейлік жұмысқа орналасқан, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

«Бүгінде Қазақстанда 22,5 мың ресейлік азамат жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын төлейді. Оның  ішінде биылғы жылдың басынан  бері сегіз мың адам жұмысқа орналастырылды. Негізінен олар қызмет көрсету саласында көбірек еңбек етеді. Пайызға шаққанда – бұл 72%, өнеркәсіп – 16%, шамамен 9% – құрылыс, 2% – ауыл шаруашылығы», – деді  Дүйсенова  үкімет  отырысында.

«Қазақстан Республикасында ресейліктер жұмыс істейтін салалар: бухгалтерлер, тұтынушыларға қызмет көрсету менеджерлері, сатушылар, тасымалдаумен айналысатын адамдар, жүргізушілер. Бұл шамамен  үздік  5  кәсіп», -  деді  министр.

Сонымен қатар, министр Қазақстанда жұмыс істейтін Ресей азаматтарының жалпы саны 2021 жылмен салыстырғанда азайғанын атап  өтті.  2021  жылы  олардың  саны  32  мың болса, 2022  жылы 22,5  мың  болды.

https://bugin.kz