Қазір Қазақстанда 2,2 мың шақырым ақылы жол бар.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, бұл - 2021 жылғы 23 қарашадан 2022 жылғы 1 желтоқсанға дейін жиналған берешек.
Мәселен, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғындары Автомобиль жолдары комитетіне жүгінген. Жергілікті жұрт жүк көлігі үшін абоненттік төлемді алып тастауды сұрапты. Себебі оларда жолды пайдаланғаны үшін біраз қарыз жиналып қалған.
Комитет олармен келісімге келіп, қарызды өтеуге мүмкіндік берген. Мысалы, 300 мың теңге берешегі бар адам оны бірден төлемей, 2 жылға бөліп төлей алады.
Қазір Қазақстанда 2,2 мың шақырым ақылы жол бар. Жыл басынан бері олар 20 миллиард теңге жинаған. Бұл қаражат жолдарды күтіп ұстауға және техника сатып алуға ғана жұмсалады.
Сондай-ақ ұзындығы 1,4 мың шақырым болатын 7 учаскеде жолдар ашық жүйемен істейді. Яғни адамдар тек тіркеуден өтіп, ал ақшасын кейін қайтарады. 5 миллиард теңге қарыз дәл осы жолдардан жиналып қалған.
EL.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через