Қазақстанда әйелдерді еңбекпен қамту жағдайы қиындап барады. Ер адамдарға қарағанда әйелдер арасында жұмыссыздық басым.
Әйелдер арасындағы жұмыссыздық мәселесі алғаш рет байқалып отырған жоқ.
2022 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды. Яғни 5,3%.
Сондай-ақ, Алматы мен Шымкентте, Қызылорда облысы және БҚО-да жұмыссыздықтың орташа деңгейі 5%-дан жоғары болды.
Өңірлер арасында жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Ұлытау облысында (4,1%). Одан кейін Қарағанды облысы (4,3%) және Астана қаласы (4,5%) орналасқан.
Қалаларда жұмыссыздық деңгейі ауылдарға қарағанда жоғары 4,9 пайыз көрсеткіш 4,8%-ға қарсы.
Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда қалаларда жұмыссыздық деңгейі төмендеді, ал ауылдарда керісінше өсті.
Қазақстанда жұмыссыз әйелдер саны бір жылда бірден 4,3%-ға өсіп, өткен жылдың үшінші тоқсанында 257,4 мың адамға жетті, ал жұмыссыз ерлер саны 5,5%-ға яғни 192,9 мыңға дейін қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.
Фото: tazabek.kg, nur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через