Данияда жұмыс істемейтін мигранттар жеңілдіктерден қағылады. The Times авторы Оливер Муди босқындарға қатысты биліктің талабын айыптайды және өз ұстанымын түсіндірді.
Онда мыңдаған шетелдіктерді аптасына кемінде 37 сағат жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Әйтпесе мемлекеттік жәрдемақыны алып қоямын деп қоқан-лоқы жасап отыр.
Бұл мемлекеттің аумағанда тұрғанына үш жылдан астам уақыт өтсе де дат тілінің негізін білетінін дәлелдей алмайтын және тұрақты жұмыспен қамтылмаған мигранттар үшін әлеуметтік демеуақыны толықтай жою көзделген. Осы реформа арқасында министрлік 20 мыңға дейін иммигрантты жұмыс іздеуге мәжбүрлемек. Олардың дені Таяу Шығыс, Cолтүстік Африка, Түркия, Ауғанстан мен Пәкістаннан келген әйелдер.
Мәселе мынада: елдің еңбек нарығында жұмыс күшінің жетіспеушілігі күшейіп тұрғанына қарамастан бұл әйелдердің шамамен 60 пайызы жұмыс істемейді. Сонымен қатар тұрғындардың көпшілігі мигранттар болып табылатын көптеген келімсектердің кесірінен шиеленіс азаяр емес.
Енді Данияда әркім еңбек нарығына өз үлесін қосуға міндетті. Бұл біздің қоғамның іргетасы және әлеуметтік қамту жүйесінің тірегі. Еңбек ұжымы иммигранттардың жаңа ортаға үйренуін тездетеді. Себебі жұмыс орнында олар жергілікті тұрғындармен танысады, араласады және елдің әлеуметтік кодын зерттейді, делінген Дания еңбек министрлігінің үндеуінде.
Данияның 5 миллион 800 мың тұрғынының шамамен 6 пайызын Европадан тыс мемлекеттерден келген адамдар құрайды деп жазады Тimes газеті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через