Зоопаркте түлкі болып жұмыс істейтін адамның тағдыры

Зоопаркте түлкі болып жұмыс істейтін адамның тағдыры
фото: Фото: © tribune.com.pk

Пәкістандағы Карачи хайуанаттар бағындағы ең қызық тіршілік иесі – адам.  Денесі – түлкі, басы – әйел адамға ұқсайтын мифтік тіршілік иесінің рөлін ер адам ойнайды.

Хайуанаттар бағында бұл жануарға қызығушылық танытатын қонақтар өте көп. Оның тапқыр әңгімесі мен болжау қабілеті образын ерекшелендіре түседі. Ер адам әйелдер секілді жарқын түстермен макияж  жасайды.

Әйел жарқын макияж киеді, сондықтан балалар оны бірден байқайды. Мұмтаз өзінің образы туралы:

 "Мен Африкада 35 жыл бұрын осы қалыпта дүниеге келдім. Мен тәтті бәліш пен шырын және жемістер жеп өмір сүремін" ,-деп монолог жасайды.

Шағын монологтан кейін ол келушілердің бірнеше тілдегі сұрақтарына жауап береді. Әрине, Мұмтаз шын мәнінде мифтік жаратылыс емес. Ол – адамның  оптикалық иллюзиясы ғана. Осыған дейін Мумтаз рөлін бірнеше адам сомдаған. Роль үшін әрқашан ер адам таңдалады, өйткені хайуанаттар бағының директоры Мохаммад Фахим Ханның айтуынша, ер адамдар қысым мен жағымсыз пікірлерге жақсырақ жауап береді. Іріктеу үміткердің актерлік қабілеті мен әртүрлі тілдерді меңгеру қабілетіне қарай жүргізіледі.

Мұмтаз Бегімді сомдайтын қазіргі актер 33 жастағы Мурад Әли.  Ол рөлді 16 жыл бұрын әкесінен мұра етіп алған. Содан бері  күн сайын макияж жасап, күніне 12 сағат түлкі образын сомдайды. Ол бұл жұмыстың оғаш әрекет екенін біледі.

"Мұнда келгендер қуанып кетеді. Олардың бақытты екенін білу мені де бақытты етеді. Менің және олардың арасында махаббатқа толы байланыс бар. Өмір тым қысқа және оны күлімсіреумен өткізу керек",-дейді кейіпкер.

Мұмтаз Бегум жергілікті жерде танымал болғаны соншалық, оның өзінің табынушылары бар. Студенттер оған емтихан нәтижелерін білу үшін жиі келеді. Алаңдап, қызының қашан тұрмысқа шығатынын сұрайтын ата-аналар да бар. Адамдар оған тағдырлары туралы түрлі сұрақтар қойып, жауап алады.

ҚазАқпарат