фото: mobiltelefon.ru
Смартфон қаншалықты қымбат болса да, кейде оны жөндеуге береміз. Google компаниясы Android смартфондарына арнайы жөндеу режимін қосады. Бұл режим жөндеуге берілген құрылғыдағы жеке деректерді құпия сақтайды
Жөндеу кезінде құрылғыдағы деректерді қорғайтын Android операциялық жүйесіне арнайы режим қосылады. Бұл туралы Android Authority сайты хабарлайды.
Фото mobiltelefon.ru сайтынан алынды
Смартфондар жылдар бойы керемет төзімді болғанымен, қолдану барысында олардың нәзік электроникасынан ақау шығады. Бірақ смартфон қолданушының көптеген жеке дерегін сақтайтын орынға айналды. Жөндеу кезінде техниктер оларды теріс пиғылда қолдануы мүмкін деген қорқыныш әркімде болады.
Бұрын сақтық ретінде жөндеуге беретін телефондағы барлық деректердің көшірмесін жасауға тура келеді. Google бұл процесті пайдаланушылар үшін ыңғайлы етуді ойластырған сияқты.
Енді жөндеу режимін қосып смартфондағы деректерді өшірмей-ақ жөндеуге жіберуге болады. Жөндеу режимінде қызмет көрсету техниктері жеке қолданбалар мен деректерге қол жеткізе алмайды, бірақ диагностикалық мақсаттар үшін телефонның жүйелік жұмысын тексере алады.
Aikyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через