Жол бойындағы қызмет көрсету нысандары ұлттық стандартқа сай ма?

Жол бойындағы қызмет көрсету нысандары ұлттық стандартқа сай ма?
фото: drive2.ru

Еліміздегі республикалық автомобиль жолдары бойындағы қызмет көрсету нысандарының 82 пайызы ұлттық стандартқа сай келеді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясынан мәлімдеді.

«Бүгінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1 523 жол бойындағы қызмет көрсету нысаны орналасқан. Оның 1 250-і немесе 82 пайызы Ұлттық стандарт талаптарына сай келеді», - делінген компанияның агенттік сауалына берген жауабында.

Мекеменің атап өтуінше, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлтты жобасы көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында өткен жылы республикалық маңызы бар жолдардың бойында 61 қызмет көрсету нысаны пайдалануға берілген.

«Биыл біздің алдымызда Ұлттық стандартқа сай келетін жол бойындағы нысандарды 90 пайыза жеткізу міндеті тұр», - деп атап өтеді компаниядан.

Дереккөз inform.kz.