Балық аулау кезінде жоғалып кеткен Австралия тұрғынының сүйегі қолтырауынның асқазанынан табылды.
65 жастағы Кевин Дармодиді соңғы рет сенбі күні Квинслендтің солтүстігіндегі қолтырауындар мекендейтін Кеннеди-Бендте көрген. Екі күн іздестіру жұмыстарын жүргізген полиция осы өлкедегі екі үлкен қолтырауынды ұйықтату шешімін қабылдаған. Солай олардың ішінен адам сүйектерін тапқан.
Табылған денені туыстарының тану шарасы өткізілмеген. Дегенмен, полиция ер адамды табу жұмыстары «қайғылы аяқталғаны» туралы мәлімдеме жасады.
Кевин Дармоди тәжірибелі балықшы және Кейп-Йорк қауымдастығының көрнекті мүшесі болған. Ұзындығы 4,1 м және 2,8 м болған екі қолтырауын дүйсенбіде Дармодиді адамдар соңғы рет көрген жерден 1,5 шақырым жерде атылды.
Адам сүйегі бауырымен жорғалаушылардың біреуінің ішінен ғана табылды, бірақ жабайы табиғатты қорғау қызметкерлері оқиғаға екі жыртқыштың да қатысы барын айтады. Сол күні К.Дармодидің қасында болған басқа балықшылардың сөзінше, олар шабуыл сәтін көрмеген, бірақ оның айқайы мен судың қатты шашыраған дауысын естіген.
Қолтырауындар Австралияның тропикалық солтүстік бөлігінде жиі кездеседі, бірақ адамдарға көп шабуылдамайды. Дармодидің өлімі 1985 жылы жазбалар жүргізіле басталғаннан бері Квинслендтегі өлімге әкелген 13-ші шабуыл.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото YouTube
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через