"Жібек жолы" кемесі Түркияда ұсталды

"Жібек жолы" кемесі Түркияда ұсталды
фото: https://sputnik.kz

"Жібек жолы" кемесі Түркияда ұсталды

Түркия кеден өкілі РИА Новости агенттігіне украин астығын тасымалдады делінген "Жібек жолы" кемесінің ұсталғанын растады. Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданбаған.

"Кеме осында, бірақ нақты шешім қабылданған жоқ. Сұрау салынды, тергеу жүріп жатыр. Әзірге айтарым осы ғана", - деді атын атағысы келмеген агенттік дереккөзі.

"Общественное" басылымының мәліметінше, кеменің ұсталғанын Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Боднар да хабарлаған, оның тағдыры дүйсенбі күні өтетін жиында шешіледі. Елшінің айтуынша, кеме қазір портқа кіреберістің алдында тұр.

Бұған дейін "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясы "Жібек жолы" жүк кемесінің ресейлік жалға алушысынан Бердянсктен Түркияға тасымалданған астықтың иесі қай ел екенін нақтылауды талап еткен болатын. Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Қазақстанның"Жібек жолы" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталғаны туралы ақпарат жарияланды.

"KTZ Express" АҚ 2021 жылдың 26 қазанында "KTZ Express Shipping" ЖШС ("Жібек жолы" кемесінің иесі) ресейлік Green Line LLC компаниясымен 2022 жылдың 30 қарашасына дейін бербоут-чартер шартын жасасқанын мәлімдеді. Содан кейін "Грин-Лайн" эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге келісімшартқа отырған.

Мәтіндегі ақпарат туралы