фото: https://massaget.kz
Жеуге болатын арал. Ормуз халқы оның топырағын неге жейді?
Иран жағалауынан онша алыс емес жердегі Ормуз аралы әдемі, табиғи асыл тастары ғана емес, сонымен қатар, топырағын жеуге болатынымен де ерекшеленеді. Арал тұрғындары тамаққа топырақты белсенді пайдаланады. Олар мұны кедейлік немесе діни әдет-ғұрыптар үшін жасамайды. Неліктен Ормуз халқы өз аралын "жейді"? Мұның да өз сыры бар.
Өзгеше табиғат
Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен туристер тамаша пейзажды тамашалау үшін келеді. Жердегі сияқты қызғылт сары, күлгін және қызыл таулар соншалықты жарқын, олар шынайы еместей болып көрінеді. Тау ішінен ақ, биік жартастарды көруге болады. Бейне бір Марсқа келіп қалғандай күй кешесіз.
Жағажайлардағы құм мен толқын да теңіз суының әсеріне байланысты керемет түске боялған. Мұнда қызыл құмдағы тастарға соқтығысқан қызғылт-күлгін толқындарды тамашалап серуендеуге болады.
Тұзды таулар
Аралдың құрылымы да ерекше. Ормуз тұз қабаттарынан тұрады. Ағыстар мен климаттың әсерінен мұнда тұз миллиондаған жылдар бойы жинақталған. Жер қыртысындағы 42 шаршы шақырым аумақты алып жатқан ірі тұзды шөгінділер химиялық реакциялар нәтижесінде тек топырақтың ғана емес, тау жыныстарының түсінің де өзгеруіне себеп болған.
Тұзды тастар
Тұзды болғандықтан, аралда ештеңе өспейді. Бұл жерде егіншілікпен айналысуға болмайды. Қараусыз қалған қамал мен сауда портында тек балықшылар тұрады. Олар қосымша табыс көзі ретінде құрамындағы өте бағалы минерал жергілікті тұзды өндіріп, сату арқылы күн көреді.
Неліктен олар топырақ жейді?
Бұл жердің топырағын қырыққабаттан бастап балық сияқты барлық тағамға қосады. Жергілікті "томши" (tomshi) нанын әдетте ұн мен топырақ қоспасынан отқа пісіреді.
Ұн мен топырақ қоспасынан пісірілген томши наны
Әрине, аралдағы барлық топырақ пайдаланылмайды. Пісіру кезінде тек бір ғана төбе пайдаланылады, ол да тазартылады, електен өткізіледі және термиялық өңделеді.
Бұл жердегі топырақ өзінің ерекше құрамына байланысты өте дәмді. Оны кавказдық дәмдеуіштермен салыстыруға болады, мысалы, тұзға әртүрлі дәмдеуіштер қосылғанда шамаман осындай дәм пайда болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через