Жетісуда үздік келін анықталды

Жетісуда үздік келін анықталды
фото: https://sputnik.kz

Жетісуда үздік келін анықталды

Жетісу облысының Көксу ауданында келіндер сайысы өтті. Конкурс Отбасы күні аясында ұйымдастырылды.

Сайысқа аудан мен жақын жердегі ауылдардан ондаған келін қатысты. Олар шыққан тегі мен түскен шаңырағын таныстырып, өз өнерін ортаға салды. Бауырсақ пісірді, қымыз сапырды, кесте тікті. Салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға да жауап берді.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Лабасы ауылының келіні Ұлар Жылқыбаева ұтып алды. Оған теледидар табыстылды. Ал 1 орынды Алия Арыстан (Мұсабек ауылы) иеленді. 2 орын - Шынар Жұмағали (Қабылиса ауылы), 3 орынды Жарлыөзек ауылының келіні Жанна Қалисақарова қанағат тұтты.

Бұдан бөлек, іс-шара кезінде 9 балалы анаға жер үйдің кілті табысталды. Сламхановтар отбасы 12 жылдан бері пәтер жағалап жүрген.

Гүлзира мен Ержан 5 ұл мен 4 қызды тәрбиелеп отыр. Ал тапқан табысы балалардың тамағы мен пәтер ақысынан аспайды. Жомарт жандар оларға аудан орталығынан үй сатып алып берді.

Мәтіндегі ақпарат туралы