фото: sputnik.kz
© Photo : ҚР төтенше жағдайлар министрлігі
Жетісу облысы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында пропан газы толтырылған машина аударылды. Өрт сөндірушілер дереу қимылдап, газдың жарылуына жол бермеді, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар министрлігінің Жетісу облысындағы бөлімшелері мен мүдделі ұйымдар жіберілді.
Автомобиль автокранның көмегімен тұрғызылды.
"Балпық би ауылы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері пропан газы толтырылған цистернаны көтеру барысында ұшқын пайда болмас үшін оған көбік шашып тұрды. Бұл қауіпті ұшқындардың пайда болуына және тиісінше автомобиль цистернасының жарылуына жол бермеді. Үйлесімді шаралардың арқасында қаза болған және зардап шеккен адамдар жоқ", - делінген хабарламада.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через