Жерде магнит дауылы сезілді

Жерде магнит дауылы сезілді
фото: freepik

Қазіргі уақытта Жердің магнит өрісінің ұйытқу дәрежесі G2 деңгейіне жетті.

Бұл бес индикатордан тұратын мониторинг шкаласы бойынша "бірқалыпты" деңгей болып саналады, G5 "өте күшті" және G1 "әлсіз" дегенді білдіреді, деп жазады ТАСС.

"G2 деңгейі Жердегі энергетикалық жүйелерде проблемалар туындауы мүмкін дегенді білдіреді. Радионавигацияда және жоғары жиілікті радиобайланыста ауытқу болуы ықтимал. Поляр жарқылы 50 градус ендікке дейін тіркеледі", - деп нақтылады Қолданбалы геофизика институты.

20 қараша күні астрофизиктер күн белсенділігі деңгейі жоғарылағанын және сәйкесінше бірнеше күнге созылуы мүмкін магнит дауылы басталғанын мәлімдеді.

ҚазАқпарат