фото: © Photo : Жетісу облысы ТЖД
Алматыда жер сілкінісінен кейін жеке үйлердегі газ құбырынан ақау шықты, деп хабарлайды QazaqGaz ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
30 қаңтарда Алматыда газ желілерін пайдалану қызметінің қызметкерлері орташа қысымды жерасты газ құбырынан газдың ауаға таралып жатқанын анықтады. Газ құбырындағы ақауды қалпына келтіру үшін 170 жеке үй көгілдір отыннан уақытша ажыратылды.
"ҚазТрансГаз Аймақ" мамандары түні бойы барлық шұғыл жұмыстарды атқарды", - делінген хабарламада.
Таң ата абоненттерге қайтадан газды қоса бастады
23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметкерлері газ құбырларының жарылуы мен газдың ауаға таралуы сияқты оқиғалардың алдын алу үшін күн сайын бақылау жүргізеді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через