Жер шары өртке оранып тұр

Жер шары өртке оранып тұр

Жер шары өртке оранып тұр

Биылғы   жаз климаттық өзгерістерге толы болды. Әлемнің әр елінде түрлі  табиғи апаттар орын алды.  Жер шарының бір шеті қуаңшылықты бастан кешіріп жатса, енді бір елде  алапат су тасқыны, лай көшкіні, жойқын орман өрттері орын алды. Осы жазда  Жерорта теңізі елдері  толассыз орман өрттерімен күресті. Әлі де өрт толықтай сөндіріліп болмады. Алжирде  табиғи апат құрбандарының саны 65 – ке жетті. Мыңнан астам адам жарақат алды. Астананың шығысындағы Кабилия аудандарында кем дегенде 600 отбасы баспаналарын тастап кетті.

Италиядағы қызыл жалын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміндегі табиғи саябақтарға қауіп төндірді. Өртті сөндіруге үш жүзден астам операция жасалды. Оларға жеті өрт ұшағы қатыстырылды.

Грекия да  отқа оранды. Эвбея аралында шамамен 50 мың гектар  аумақ  өртеніп, ондаған үй  қирады. Соңғы екі-үш аптада Түркияда өрт салдарынан кемінде сегіз адам  қаза   тапты. Негізгі  күштер оңтүстік - батыстағы Мугла  және Бурдур провинцияларындағы отпен күресуге бағытталды. Соның салдарынан солтүстік аймақтарда  қатты жаңбыр жауып су тасқыны мен көшкінге әкелді. Үйлер, көпірлер мен жолдар қирады. Жергілікті госпиталь көшірілді.  Тілсіз   жау  Турцияның   туристік  қала   маңдарына   да жақындады.  Неге  биыл  табиғи  апаттар көбейіп кетті. Сізді  бұл  мәселе  алаңдата  ма? Қосар ой – пікірлеріңіз болса,  стандарт  кз  порталына  қосылыңыз.