Жеңілдікпен сатылатын көліктер қандай жағдай болмасын шетелге кетпеуі керек

Жеңілдікпен сатылатын көліктер қандай жағдай болмасын шетелге кетпеуі керек
фото: https://sputnik.kz

Жеңілдікпен сатылатын көліктер қандай жағдай болмасын шетелге кетпеуі керек

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қазақстандық автокөліктерді Ресей азаматтарының сатып алуына қатысты түсініктеме берді.

Оның айтуынша, ресми түрде ресейліктердің Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатқаны байқалмайды.

"Ресми түрде мұндай үлкен дүрлігу жоқ. Иә, қазақстандықтар көлікті сатып алып, кейін қайта сатады деген ақпарат түсіп жатыр. Өкінішке қарай, бізге бұл статистиканы көру қиын", - деді Өскенбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің пікірінше, қазақстандық автокөліктерді шетелдіктерге сатуға шектеу қоюға болмайды. Бірақ жеңілдетілген автокредитпен сатылатын көліктерді шетелге қандай жағдай болмасын шығармау керек.

"Жеңілдетілген автокөліктер қандай жағдай болмасын шетелге кетпеуге тиіс. Өйткені мемлекет осы адамға субсидия бөлді, алғашқы жарнасыз сатып алуға мүмкіндік берді. Бұл көліктер ешбір жағдайда қайта сатылмауы керек", - деп атап өтті Өскенбаев.

Ал жеңілдетілген автокредит бағдарламасына кірмейтін көліктер ешқандай шектеусіз сатылуы керек, деді ведомство басшысы.

"Менің ойымша, біреулерге сатуға шектеу қойғанша, өндіріс көлемін ұлғайтқан жөн. Біз, керісінше, көліктерімізді әлемнің бүкіл елі сатып алуы үшін өндірушілерді ынталандыруымыз керек", - деді Өскенбаев.

Бұған дейін Қайырбек Өскенбаев қазақстандық автоөндірушілер елімізде жапониялық Toyota корпорациясының зауытын ашу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.


Мәтіндегі ақпарат туралы