Жеңілдетілген автонесие: 2023 жылы 2 мың көлік сату жоспарланып отыр

Жеңілдетілген автонесие: 2023 жылы 2 мың көлік сату жоспарланып отыр

       Қазақстанда автокөлік бағасы 19 пайызға қымбаттады.

       Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы көлік сатып алу қараша айында қайта жалғасын табады. Несие төлемінен қайтқан ақша есебінен 2023 жылы 2 мың көлік сату жоспарланып отыр.

       Қазақстанда автокөлік бағасы 19 пайызға қымбаттады. Армения мен Ресейден көлік тасымалдау бәсеңдеген. Оның орнына қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктерінен көлік тасымалдап сатып жатыр. Ал жеңілдетілген автонесие бағдарламасы ұсынатын мүмкіндік халықтың сұранысын өтей алмай отыр.

       "Қазір біздің азаматтарымыз жаңа көліктің несиесін төлеп жатыр. Бұл ақша кейін жаңа несие беруге жұмсалады. Осылайша қаржыны айналымға түсіріп, келер жылы 2 мың көлік сату жоспарда бар", – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. 

       Informburo