фото: https://sputnik.kz
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бекітілді
Министрдің сөзіне қарағанда, көліктің бағасы кредит сомасынан жоғары болса, үстінен ақша қосуға болады.
Қазақстанда жеңілдетілген автокредит тәртібі бекітілді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
"Иә, бүгін бекітілді. 10 миллион, 7 жылға 4 процентпен беріледі. 10 миллионнан жоғары соманы қоса беруге болады. Бірақ оны өз қалтаңыздан төлейсіз", - деді Өскенбаев.
Айта кетері, бұған дейін кредиттің үстінен қосылатын ақшаның шегі болады делінген.
Себебі жеңілдетілген автокредитпен бюджеттік көліктерді ғана рәсімдеуге жоспар болған.
Бағдарламаның негізгі шарттары: - кредит сомасы - 10 миллион теңге; - жылдық сыйықасы 4 процент; - мерзімі - 7 жыл.
Министрдің сөзіне қарағанда, көліктің бағасы кредит сомасынан жоғары болса, үстінен ақша қосуға болады. Нақты шектеу жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через