Жемқорлардан тәркіленген ақшаға 70-тен аса мектеп салынады

Жемқорлардан тәркіленген ақшаға 70-тен аса мектеп салынады
фото: sputnik.kz

Биыл жемқорлардан тәркіленген ақшаға жетпістен аса мектеп салынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл жемқорлардан алынған ақшаға 70-тен аса мектеп тұрғызылады. Құрылысқа қажетті құжаттар дайын, тізім бізде бар. Сол себепті жақын арада осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады", - деді Бейсембаев үкімет кулуарында.

Министр жаңа мектептер әрбір өңірде салынатынын атап өтті. Бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген 120 млрд теңге білім беруді қолдау қорына түскенін хабарлаған еді.

Қазақпарат