Жемқорлардан қайтарылған қаражатқа құны 4 млрд теңге болатын 30 заманауи мектеп салуға болады. Қазір арнайы қорда 120 млрд қаражат жиналған.
Енді заңға сәйкес бұл қыруар қаржы білім беру нысандарын салуға жұмсалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы «Бетпе-бет» бағдарламасында осылай деп мәлімдеді. Олжас Бектеновтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар күшейе түседі. Сондай-ақ енді ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасап, сотталғандар мерзімінен бұрын босатылмайды, - деді ол.
Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Біреулер дұрыс, жақсы жұмыс жасап жатырсыңдар деп айтады. Басқалар жоқ, тым аз қаражат қайтарылды деп айтады. Енді салыстырсақ. Бір мысал келтіріп кетейін. Оңтүстіктегі көршілерімізді айтатын болсақ, олар Гүлнар Каримованың қаражаттарын елге қайтаруға тырысып жатыр ғой. Соңғы 3 жылдың ішінде 20 жылдан бастап осы күнге дейін олар 20-ақ млн доллар қайтарды. Ал біз бір жылдың ішінде 1,5 млрд долларға жуық қаражат қайтардық.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через