Америкалық нейропсихолог, Нобель сыйлығының иегері Роджер Сперри ми жарты шарларының функционалдық мамандануын зерттеп, қабілеттерді анықтауға мүмкіндік беретін тест ұсынды.
1981 жылы ғылыми жаңалықтары үшін Роджер Сперри физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды. Ол мидың оң және сол жарты шарларының когнитивтік қабілеттері әртүрлі екенін анықтады.
Қарапайым тілмен айтқанда, сол жақ жарты шар логикамен, аналитикамен, математикалық есептеулермен және сөйлеу функцияларымен, ал оң жақ - визуалды және дыбыстық бейнелермен, кеңістіктік қатынастармен жақсы жұмыс істейді.
Бұл шағын тест адамның қай бағытқа жақын екенін анықтайды, атап айтқанда логика немесе шығармашылыққа тұрғыдан өзіңді тануға көмектеседі.
Ойланбастан, қолдарыңызды бір-біріне түйістіріңіз және бас бармақтарыңыз қалай орналасқанына назар аударыңыз.
Сол қолдың бас бармағы жоғарыда болса:
Сіз, практикасы дамыған, асықпай шешім қабылдауға дағдыланғансыз.
Сізде математикалық ойлау қабілеті жоғарырақ. Логикалық байланыстар құра аласыз және қорытынды жасай аласыз.
Сонымен қатар, сізді алдау өте қиын: адамдармен жақсы ажырата аласыз және ең кішкентай бөлшектерді де байқай білесіз. Осыған байланысты адамдар сізден кеңес сұрағанды ұнатады. Сізбен қарым-қатынас орнату оңай, әзілдесе де аласыз.
Бас бармақ бірге, бір-біріне параллель орналасса:
Сіз перфекционистсіз және басқалардан да аса мұқият болуды күтесіз. Сіз ойыңызды жинақтап, жауапкершілікті ала аласыз, сондай-ақ, тапсырманы шешуге мұқият қарайсыз.
Сонымен қатар, сізді табиғи көшбасшы деп атауға болады. Сіз адал, ашық және тік мінездісіз. Ойыңыздағын бетке айтасыз. Өзгелерге үлгі көрсетуге тырысасыз, сонымен бірге, сіз басқа адамдардың пікірін тыңдай аласыз, әрқашан жағдайды объективті және артық эмоциясыз бағалауға тырысасыз.
Оң қолдың бас бармағы жоғарыда болса:
Бұл эмоционалдық интеллекті дамыған адамдарға тән. Сізде эмпатия бар – басқа адамдардың сезімдерін, тіпті оларды жасыруға тырысса да, жақсы түсінесіз.
Сіз сезімтал және эмоционалды адамсыз, сізбен сөйлесу оңай және ыңғайлы. Бұл адамдарды өзіңізге тартады, оларды ашуға және сенім артуға итермелейді. Сондықтан да көпшілік сіздің жылуыңызды, қамқорлығыңызды сезініп, қолдауыңызды іздейді. Басқаларға көмектесуде де алда жүресіз.
Сіз шектеулерден тыс ойлауға бейімсіз. Бұған қоса, эмоцияларға көп берілесіз, шешімдеріңіздің ұзақ мерзімді салдарын есептемей әрекет етесіз.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через