Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілісте құжаттың фотосуреті неге цифрлық құжат бола алмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жеке куәлікті телефонға суретке түсіріп көрсетсем, ол цирфлық құүжат болып есептеле ме?» деп сұрады депутат Әлия Әбсеметова министрден.
«Жеке куәліктің әлде басқа бір құжаттың фотосы цифрлық құжат болып есептелмейді. Өйткені цифрлық құжат eGov Mobile қосымшасын әлде басқа банктердің қосымшасында өзіңіздің циярлық құжатыңызды жүктесеңіз, QR-кодты басып, басқа біреуге көрсете аласыз. Яғни, QR-код арқылы смартфоннан цирлық құжаттың ресми құжат екенін дәлелдей аласыз. Цифрлық құжаттың шынайылығын QR-код арқылы растайды. Сондықтан фотосурет цифрлық құжат болып саналмайды», - деді министр.
Бағдат Мусин былтыр цифрлық құжатты пайдалану бойынша түсінбеушіліктер болғанын мойындады.
«Былтыр біз осыны енгізген кезде әуежайларда шынымен проблемалар болды. Әрбір мекеменің, мемлекеттік органның тиісті инструкцияларына тиісті өзгеріс енгізу қажеттігі туындады. Сондықтан әрбір мекеменің жұмыс ережесіне осы өзгерістерді енгізуге мәжбүр болдық. Қазір біз ұсынып отырған заң жобасын қолдасаңыздар. бүкіл заңнамаға өзгерістер енгізбей-ақ, цифрлық құжаттың жеке куәліктермен, басқа да құжаттармен тең болатыны, басқа тиесілі мемлекеттік органдардың заңнамасына өзгеріс енгізбей-ақ жеке куәлікті пайдалануға рұқсат беріледі», - деді ведомство басшысы.
Фото: vesti.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через