фото: https://sputnik.kz
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері саналатын жұмыс берушілер үшін бірыңғай төлем енгізілді.
Бұл жұмыс берушілерге жүктемені азайтуға мүмкіндік береді және қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бірыңғай төлем мөлшері:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 20 %;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 21,5 %;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23,8 %;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8 %;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8 %;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3 %.
"Бірыңғай төлем ставкасының жыл сайын ұлғаюы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының енгізілуімен, ставканың кезең-кезеңмен 2028 жылғы 1,5%-тен 5%-ке дейін өсуімен, сондай-ақ бірыңғай төлем төлеушілер үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар ставкасының 3,2%-тен 4,5%-ке дейін өзгеруімен байланысты", - деп түсіндірді министрліктегілер.
Жеке кәсіпкерлер бірыңғай төлемді есептік айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Бірыңғай төлем мыналарды қамтиды:
жеке табыс салығы;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар;
жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары – 2024 жылдан басталады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через