фото: https://www.pexels.com/
Әлеуметтік желілерде өтемақы төлеу туралы ақпарат тағы да тарады. Енді алаяқтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атынан әрекет етуде.
Жарнамадағы сілтеме Ұлттық қордың жалған сайтына апарады. Онда 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы жаңалық жарияланған. Олар салық аударымдарына, жұмыс өтіліне, өткен жылдағы сатып алу қабілетіне және шығындарға негізделген. Өтемақы мөлшерін тексеру үшін пайдаланушы өзінің ЖСН-ін теруге тиіс.
"Жалған сайттарда жеке ақпаратты қалдырмаған жөн. Алаяқтар оны өз пайдасына пайдалана:trды. ҚР Ұлттық қорының ресми сайты жоқ. Төлемдер бойынша барлық ақпарат ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің порталдарында жарияланады", - делінген хабарламада.
Ресми ақпарат көздерінде 2020-2029 жылдарға арналған азаматтарға өтемақы төлеу жобасы туралы хабарланған жоқ.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через