фото: foto-onlain.ru
SuperJob порталы жүргізген сауалнамаға сәйкес, елдегі әрбір бесінші ересек адам (респонденттердің 18%) ата-анасының тұрақты қаржылық қолдауына мұқтаж екен.
Ерлерге қарағанда әйелдер ата-анасының көмегіне зәру. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 21%-ы және ерлердің 16%-ы ата-анасының қаржылай қолдауын күтетінін мойындаған. Сауалнамаға қатысқандардың тек 8%-ы ата-анасының қаржылық көмегін мүлде қажет етпейтінін көрсетті.
Зерттеу барысында әрбір бесінші қатысушы ата-анасына өзі көмектесетінін айтса, әрбір үшінші адам осындай мүмкіндік болған кезде немесе ата-анасына бірдеңе керек болса солай істейтінін айтқан.
Зейнетке шыққан ата-ана балаларына, немерелеріне көмектесуге тиіс пе? Бұл тақырып күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Бала қай жастан бастап өзін өзі асырауы тиіс, қай уақытта ата-анасына көмектесуі керек? Осы сұраққа әркім әрқалай жауап береді. Біреулер «егер ата-ана баласын жетістікке жететіндей етіп тәрбиелей алмаса, лайықты білім бере алмаса, онда балаларын өмір бойы өздері асырасын дейді. Ал кейбір азаматтар «бала кәмелет жасына жеткен соң, өз күнін өзі көруі керек» дейді. Екі пайымға да қосылуға болады. Standard.kz тілшілері де алматылықтардың пікірін білу үшін көпшілікпен сұхбаттасқан еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через