2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері өсті.
Атап айтқанда, бұл өзгеріс зейнетақы мен жәрдемақы алатын 4,4 млн адамға әсер етеді.
Осы мақсаттарға республикалық бюджетте 4,6 трлн теңге қарастырылған.
Осы орайда бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 68,2 мың теңгеден 77,4 мың теңгеге дейін өсті. Зейнетақының өсуі барлық 2,2 миллион зейнеткерге әсер етті.
Республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін ата-аналарға бала күтімі бойынша жәрдемақы беріледі, оның мөлшері АЕК өсуін ескере отырып, биылдан бастап 8,5% - ға өсті.
Жұмыс істейтін ата-аналар бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алады.
2023 жылдан бастап Президент тапсырмасы бойынша бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото optimism.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через